21 сағат ораза тұтатын Гренландиядағы жалғыз мұсылман

24 Тамыз, 2011 8 пікір

Айналасы мұздықтарға толы Гренландия деп аталатын елде тұратын Ливан азаматы Уассам Азақир – 21 сағат бойы ораза ұстап, құлшылығын атқарып жатқан осы өлкедегі жалғыз мұсылман.

Гренландия – Солтүстік мұзды мұхит пен Солтүстік Атлантика арасындағы ең үлкен аралдың бірі. Данияға қарасты өзін-өзі басқаратын провинция.

Arab TV-ның хабарлауынша бірнеше жылдан бері Гренландияда тұрып жатқан Уассам Азақир “Араб Колумбы” деп аталып кеткен. Ол күннің ұзақтығы мен өмір сүрудің қиындығына қарамастан осы елде тұрып жатқан жалғыз мұсылман. Гренландияның астанасы Нуук қаласында күніне 200 қонақ қабылдайтын жеке мейрамханасы бар.

Биылғы жылы Рамазан айы жаз мезгіліне сәйкес келгендіктен Уассам 21 сағат ауыз бекітуде. Ауыз ашқан соң екі сағаттан кейін сәресіне дайындалады.

Осы 2 сағаттың ішінде Уассам ақшам және құптан намаздарын да оқуы керек. Ол осы мемлекетте тұрып жатқан жалғыз мұсылман екеніне әрі Аллаһ разылығы үшін ораза ұстап, намаз оқып жүргеніне шүкірлік етеді.

“Кей кездері Рамазан айын Ливанда өткізу жайлы да ойланамын. Бірақ мен кетіп қалсам, Гренландияда намаз оқып, ораза тұтатын ешкім болмай қалады ғой деген ой тежейді” дейді.

http://jazbablog.com сайтынан аударған Асхат Еркімбай

Санат: Жалпы

8 пікір

  1. timurrr says:

    Машаллаһ! Рахмет, құрдас! Жігерлендірдің! Жігерлендірді!

  2. admin2 says:

    Аллаһ разы болсын!

  3. Данагүл says:

    машалла! бул кисини тусинуге болады, мыннын ишинде жалгыз мусулман болу оте киын, ойткени коп нарсе кедерги болады, одан калса бул жердин менталитети дини баска. карама-кайшылыктар коп болады. Уассам мырзага алланын нуры жаусын дегим келеди, иманы берик болсын!!!!!!

  4. Бахтияр says:

    машалла!!! алланын шапгаты жаусын! омири узак ….

  5. Гаухар says:

    Машалла! Уассам мырзанын ниети кабыл болсын! Алла разы болсын! НЕ деген керемет!

  6. ruslan says:

    Ұлы Джихад деп осыны айт!

  7. Murat says:

    Ya Mashallah ote huanishtimin musilman bauirima. Allah razi bolsin. Nedegen keremettik

  8. Айжан says:

    МашАллах, Алла разы болсын бұл кісіге! осындай Мусылман бауырлар кобейе берсин!

Пікір жазыңыз