Қасиетті Қадір түні

30 Тамыз, 2010 31 пікір

Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін.

Түннің «Қадір түні» деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазатындығымен байланыстырады. «Қадір» және «тағдыр» сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады.

Бізден бұрынғы үмметтердің бізге қарағанда әлдеқайда көбірек өмір сүргендігі анық. Мәселен, Зұл-Қарнайн патшаның дәуірінде адамдар бес жүз жыл шамасында өмір сүрген. Сол дәуірлердегі адамдардың арасында мың айды ғибадатпен өткізбесе, өзін құлшылық етуші деп санамайтын кісілер болған. Олар осы мақсатқа жету үшін уақыттарын барынша ғибадат жасаумен өткізген. Ал енді жүз жыл шамасында ғана өмірі бар біздің үммет үшін мынадай мың жылға татырлық түннің нәсіп етілуі Алла тағаланың мұсылман үмметіне берген үлкен нығметі.

Түннің «Қадір» деп аталуының өзінде терең мән бар. Бұл түнде қадірлі үмметке қадірлі Кітабымыз түскен. Үмметтің қадірлі болатындығы Пайғамбарымыз (с.а.с.) мәңгі сапарға аттанарда, Жәбірейіл періштеден өз үмметі туралы сұрағанда, ол Алла елшісін (с.а.с) екі нәрсемен сүйіншілеген болатын. Жәбірейіл періште: «Алла Тағаланың жәннатына Сен кірмейінше ешбір пайғамбар кірмейді және сенің үмметің кірмейінше ешбір үммет жұмаққа кірмейді» деп сүйіншілеген еді. Олай болса, бұл түнде қадірлі үмметтің қадірлі пайғамбарына қасиетті Құран түсті.

Құран Кәрім – мұсылмандар өміріне басшылық ететін, пайда мен зиянның, жақсы мен жаманның, тура жол мен адасудың ара жігін ажыратып беретін баға жетпес құнды кітап. Олай болса, мүминдер үшін бұл кітап түскен түннің қадірі аса жоғары екендігі сөзсіз. Әрине, ғалымдар арасында Құранның түскендігі анық, алайда оның жер бетіне немесе көктің соңғы қабатына түскендігі туралы әркелкі пікірлер бар. Бір топ ғалымдар: «Құран Қадір түнінде аспанның соңғы қабатына бүтіндей түскен, содан соң жиырма үш жыл бойында Пайғамбарымызға (с.а.с) жеке-жеке аят, сүре қалпында түсіп отырған» деген пікірді ұстанады. Бұл топ ғалымдардың арасын да Ибн Аббас, Саид ибн Жәбир т.б. ғалымдар бар. Ал екінші топ ғалымдар «бұл түнде Пайғамбарымызға (с.а.с.) Құран Кәрімнің «Алақ» сүресі түсе бастаған» деген тұжырымды дұрыс деп санайды.

Қадір түнінде Жәбрейіл мен бүкіл періштелер жер бетіне түседі. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Періштелер мен Рух түсіріледі» деген аят келтірілген. Мұндағы «Рух» сөзіне байланысты ғалымдар арасында Жәбірейіл періште ме, әлде ол арқылы түскен Алланың мейірімі ме, немесе одан басқа бір періште ме деген әр қилы тұжырымдар жасаған. Бірақ көп ғалымдар оны Жәбірейіл періште екендігіне тоқтаған.

Қадір түнінің нақты уақыты анық белгілі емес. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірі екендігіне әсіресе, тақ түндерін іздеу керектігін нұсқайды. Ғалымдардың көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндерінің біріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді. (Қараңыз: Бұхари, Қадір, 3; Мүслим, Сиям, 216)

Бұл түннің шығу тарихы жөнінде мынадай мәлімет бар: Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тағалаға: «Уа, Раббым, менің үмметімнің өмірлері қысқа, амалдары аз» – деп дұға еткен. Сонда Алла тағала Пайғамбарымызға Қадір түнін сыйлады және былай деді: «Қадір түні саған және сенің үмметіңе мың айдан артық» (Сафуату тәфасир, ІІІ т., 1525 бет).

Қадір түніне қатысты мынадай бірнеше маңызды деректер айтылып жүр:

1- Құран Кәрім толық күйінде «Ләухул Махфуздан» дүние көгіне, Бәйтул Иззәтқа Қадір түні түскен. Бұл – адамзат үшін өте маңызды оқиға.

2- Бұл түнгі ғибадат – құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық.

3- Алла тағала адамдардың тағдырындағы келесі жылы болатын жазмыштарды періштелеріне бұйырады.

Абдуллах ибни Аббас (р.а.) және Имам Әбул-Хаттаб әл-Басридің айтуынша, бұл түні келесі жылға дейін болатын әр түрлі маңызды оқиғалар туралы Алла тағаланың тағдыры періштелеріне аян болады.»

4- Имам Сәһл ибн Абдуллах: «Алла тағала бұл түні мүмін құлдарына рахымын төгіп, кешірім сыйлайды,» – дейді.

5- Бұл түні Рух (Жәбірейіл періште) пен көптеген періштелер жер бетіне түседі. Имам Хамд ибн Ахмад: «Бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сонша – жер беті періштелерге сыймай кетеді» деп көрсеткен.

Қадір түнін қалай өткізген жөн?

Алла тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны хақ. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, нәпіл және қаза намаздарын оқып, Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Қадір, 1);
Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді.
Сондай-ақ бұл түнді рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады.
Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес.
Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады.
Алла тағала бұл түнде жасалған бүкіл құлшылықтарды қабыл етсін. Әмин.

А.Ноғаев
ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің қызметкері
http://www.muftyat.kz

Сурет imonedesign есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

Санат: Жалпы, Қадір түні

31 пікір

  1. admin2 says:

    Қасиетті Қадір түні мүбәрак болсын !

  2. Ерғанат says:

    Қасиетті Қадір түні мүбәрак болсын !
    Бәріңе үлкен құрмет!

  3. Рита says:

    Қадір түні мубарак болсын. Кешірініз койылган сурағыма. кулшылык дегенмез не?

  4. Зәмза says:

    Қасиетті Қадыр түні мүбәрәк болғай!

  5. Гаухар says:

    Қасиетті Қадір түні мүбарак болсын!

  6. Асель says:

    Кадыр туниндеги тилеген тилектериниз кабыл болсын!Аллахтын суйген кулы болыныздар!

  7. Қуаныш says:

    Жамағат,қасиетті Қадір түні мүбарак болсын! Тілектерің қабыл,еліміз аман болсын!

  8. динара says:

    Қайырлы күн! мен ораза кезінде ұсталмай қалған күндерімді ұстап бастадым. Енді ауыз ашу және ауыз бекіту уақытын қалай білсем болады?

  9. Бауыржан says:

    Ассаламугалейкум, Динара,
    http://namaz.kuran.kz/ сайтына кіресіз де
    Таң уақытын қарайсыз, соған 10 мин қалғанда ауыз бекітесіз (сәресін ішуді тоқтатасыз).
    Шам уақытына қарап, тура сол уақытта ауыз ашасыз.

  10. Наурызбай says:

    2011 жылы рамазан айынын кестеси кашан шигады соны билеин деп едим

  11. admin says:

    Қазақстан Мұсылмандарының Діни Басқармасы әдетте Рамазан айының басталуына бір-екі апта қалғанда ресми кестені үлестіреді. Біз де сол уақытта, ИншАллаһ, күллі қаланың кестесін жариялаймыз.

  12. Балзира says:

    АсСалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатуху! биз синлим екеумиз ата-анамыздан тыгылып намаз окимыз (ата-анамыз карсы, сондықтан мәжбүрміз тыгылуга). енди ораза айы келе жатыр. алдынгы жылдары да устаткан жок оразаны, куштеп тамак жегизип койды. енди биз не истесек болады? бизге куна жазылады ма ораза устамаганымыз ушин???

  13. Гульмира says:

    Салематсызба,меним сурайын дегеним ,бугин уйктап кетип сагатымды карасам уялы телефонымнан уакытым отип кеткенин кордим,содан кайтадан жатып калган едим,бир мезгилде уялы телефоным жерге кулап кетти,коссам сагатым жок болып кеткесин,теледидарды косканмен мен кунде сагатымды теледидардан тузейтинмин, содан теледидардан сагатым ауыз бекиту укатым болмаганын корип,барып асымды жеп жатып калдым,бир мезгилде мамам телефон соккан,сагатты кате екенин билдим ,оразамнын бузылганыма? жауабынызды кутудемин!рахмет

  14. Диана says:

    Ассаламугалейкум, баршаңызға! Рамазан айы мубарак болсын! Ораза кабыл болсын, устаган жан! Мени бир сурак мазалап отыр, тамагым мен мурыным кабынып ауырып тур, аузымды ашуым кажет пе? Жауабынызды асыга кутемин! Алдын ала РАХМЕТ!!!

  15. aziz says:

    Тамағыңыз бен мұрныыз қабынса оразаны бұзу шарт емес. Егер де дәрі дәрмек қолдануым керек десеңіз ауыз ашарға дейін сабыр етіп, содан кейін дәріні қабылдағаныыз жөн болар.

  16. aziz says:

    Алматы қаласы бойынша 2011 жылғы Рамазан айының кестесін мына сілтемеден ала аласыз. http://muftyat.kz/uploads/2011/kesteler/almaty.jpg

  17. asel says:

    as sallamy aleikym,siderge sayalim,tynde saresige tyrmai yiktap kalippin,orazam kalai boladi,1kun kariz bolam ba?

  18. admin2 says:

    алейкумсалам, сәресіне тұра алмай қалсаңыз оразаңызды жалғастыра бересіз.

  19. Әділбек says:

    Рахмет.Осындай адамнын діни сауатын ашатын сайттар кобейе берсін. Жумыстарынызга сәттілік тілеймін!

  20. РАУШАН says:

    Салеметсиздер ме!!!! Касиетти Рамазан айында тилеген тилектериниз кабыл болсын!!!! Кадир туни мубарак болсын !!!!

  21. Бауыржан says:

    Ораза кабыл болсын! Кадир туни мубарак болсын!!!

  22. Ерлан says:

    Қасиетті қадір түні мүбәрәк болсын!

  23. Атыңыз says:

    Қадір түні қайыр әкелсін!

  24. Куралай says:

    Касиетти Рамазан айы Ораза кабыл болсын!Кадыр туни мубарак болсын!!1

  25. актолкын says:

    Қадір түні мүбарак болсын!

  26. актолкын says:

    кадир туни мубарак болсын жамагат

  27. Ханшайым says:

    Салеметсиздерме? Кадир туни мубарак болсын! Барлык тилек ниеттериниз кабыл болсын! Менин бир толгандырып журген сурагым бар еди намаз окуды калай бастауга болады?

  28. Еркебулан says:

    Ассалаумагалейкум сіздерден пікір кеңес сурайын деп едім, мен оз шешемнің сіңілісіне гашык болып екеуміз журіп журміз,уйленейік десек рухсат бермеиді,руымыз болек ел,маган ол нагашы карындас болады,мен оган жиен болам,дін бойынша уйленуге болама соны білейн деп едім,алдын ала рахмет

  29. Еркебулан says:

    Админ мырза сіз жауап бере аласызба менің сурагыма,рахмет

  30. admin says:

    Бауырлар, қасиетті Қадір түні қылған дұға-тілек, құлшылықтарыңыз қабыл болсын!

    Сайтымыздың мақсаты Ораза туралы ақпараттармен бөлісу болғандықтан барлық сұақтарыңызға жауап бере алмаймыз.

    Көкейде жүрген сауалдарыңызды http://muftiyat.kz сайтының сұрақ-жауап бөліміне қоюларыңызды өтінеміз.

    Аллаһ тағала иманымызды кәміл қылғай!

  31. асель says:

    ассалямуалейкум.оразаларыныз кабыл болсын.касиетти кадир туни мубарак болсын.иншааллах раббымыз дуга,тилектеринизди кабыл етсин.

Пікір жазыңыз