Here is the Music Player. You need to installl flash player to show this cool thing!
Ауызашар дұғасы
"Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір."Арапша нұсқасы
Ауыз бекітердегі дұға
"Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!"Арапша нұсқасы
Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді. «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара, 2/185).
Бұл аятта айтылғандай оразаның мақсаты – мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу. Бірақ тақуалық деген не өзі? Осыны әуелі ұғынып, тұшынып алайық. Тақуа дегеніміз – сақтану, қорқу, сиыну, [...]
Жезқазғандағы жерлестерге сәлем,
Аллаһ сіздерден біздерден қабыл етсін!!!
Салеметсіздер ма, жерлестерим.Қасиетті рамазан айы мубарак болсын! Істеген құлшылықтарымызды Аллаһ қабыл етсин!=))