"Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір."Арапша нұсқасы
Ауыз бекітердегі дұға
"Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!"Арапша нұсқасы
Негізі адам баласы өзіне берілген нығмет пен ырыс-берекенің қадірін біле бермейді. Сый-сияпат етіп берілген ырыс-берекені бейне бір тегін дүниедей төгіп-шашады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. Мұндай күйге түскен кісі ешуақытта тамақтың қадірін сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіп, күні бойы аш жүргенде, тағамның [...]
Үлкен рахмет.