Бұл бетте пікір жазу мүмкіндігі өшірілген. Оразаға байланысты сұрағыңыз болса, алдымен жауабын Жиі Қойылатын Сұрақтар бетінен іздеп көріңіз. Ол жерден таба алмасаңыз, сұрағыңызды бізге жолдасаңыз болады. Сұрағыңыз қайталанбаған жағдайда жауабы Жиі Қойылатын Сұрақтар бетіне жарияланады. Түсіністік танытқаныңызға рахмет!
Here is the Music Player. You need to installl flash player to show this cool thing!
Ауызашар дұғасы
"Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір."Арапша нұсқасы
Ауыз бекітердегі дұға
"Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!"Арапша нұсқасы
1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де [...]