Ораза ұстаушыға 13 кеңес

11 Тамыз, 2010 24 пікір

Биылғы жылы қасиетті Рамазан айы елімізде күннің ысыған мезгіліне келді. Сөзсіз бұл істе де Аллаһтың һайыры бар. Әйткенмен, ораза ұстауға қатысты төмендегі кеңестерге де ден қойған артықтық етпес. Аталған мәліметтерді өзге тілдерден аударып, бөліскен Тимур бауырымызға Аллаһ разы болсын!

1. Ауыз жабатын кезде күні бойы ағзаны қоректендіріп тұратын тағаммен тамақтану керек. Рамазанның басты тағамы – құрма.

2. Ауыз ашатын кезде денеде ұзақ тұрмайтын қуырылған тағамнан көрі ағзаны көбірек қуаттандыратын, құрамында көмірсутек көп жеміс-жидек, дәнді-дақыл, құрмамен қоректену керек. Сондай-ақ арпа не фасоль секілді дақылдардан жасалынған сорпа ішкен де пайдалырақ.

3. Күндіз шама келгенше көлеңкені паналаған дұрыс. Қолыңыздан келсе, сыртта істелетін жұмыстарды бөлме / кабинет / офис ішінде жасалатын жұмысқа ауыстырған абзалырақ. Ораза кезінде ағза сусызданатын болғандықтан, шөлден қаталамауды ойластыру қажет.

4. Ауыз ашқан соң мүмкіндігінше сұйық көбірек ішу қажет. Суды молырақ пайдаланса да дұрыс. Күні бойы су мөлшері азайған ағзаның қажет көлемде қайтадан ылғал мөлшерін қалпына келтіру қажет. Сол кезде ертесіне де ауыз бекіту оңай болады.

5. Дене жұмысымен айналысуды азайту абзалырақ болады.

6. Бұл өмір адам мен шайтанның арпалысы болғандықтан, кімнің әрекеті күшті болса, сол жеңеді. Сондықтан Аллаһ Тағала осы айды Мұхаммедтің үмметіне (с.ғ.у) рақым етіп сыйлады. Ендеше Аллаһ Тағалаға деген құлшылық-ғибадатымызды арттыра түсуіміз қажет. Намазымызға мән беру керек. Намазды дұрыстау керек.

7. «Ұмытылған» Құранды қолға алу керек. Күніне құрығанда бір аят та болса оқу керек.

8. Пайғамбарлардан басқа адамдардың барлығы күнә жасайды. Ендеше, өзің білетін күналарды жасауды қой, қоюға тырыс. Тәубе ет. Шындығында Аллаһ тағала – Тәууәб (тәубелерді қабыл етуші).

9. Мұсылман бауырларыңмен байланыс жаса. Біреуден екі, екеуден үшеу жақсы. Ислам – жамағат діні. Жалғыздың досы – шайтан болады.

10. Дұға жасауды ұмытпау қажет. Қол жайып, тілек сұрағанға Аллаһ Тағала жауап беретінін ұмытпау. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. жасаған дұғаларын пайдалану.

11. Садақа беруді ұмытпа. Шындығында садақа тозақтан алыстатады.

12. Ата-анаға мейіріммен қарап, ағайын-тумамен байланысты күшейту қажет.

13. Өзің білгенді өзгеге де айтып, үйретіп, Алланың тура жолына шақыру…

Санат: Жалпы, Ғылыми дәйектер

24 пікір

  1. z says:

    Және сәресіне тұруды ұмытпау керек.

  2. Айдана says:

    салеметсыздерме! Кешырерсыздер, сурагым келгены, саресыне аузымды 4-55-те бекытып койдым. 2мин.кешыгып калдым. оны отеу ушын ауыз ашарды да 2-мин кешыгып ашсам болама, алде оразам бузылып кеттыме? РАХЫМЕТ!

  3. Dinara says:

    Aydana, meninshe 2 min. keshikkeniniz eshtene etpeydi, kasakana jasamanyz bolgany. Niyetiniz tuzu goy. Al auzynyzdy keste boyinsha ashkanynyz durys. Orazanyz eshkanday buzylgan jok dep oylaymyn.
    http://www.meshit.kz saytynan imamnan da surap korseniz bolady, jauabyma kanagattanbasanyz.
    Orazanyz kabyl bolsyn, Aydana!

  4. Айдана says:

    Рахымет, Динара! Алла разы болсын!

  5. www.muftyat.kz says:

    Айдана сұрағыңыз түсініксіздеу. 4.55 те таң намазының уақыты кіріп кетеді ғой. Ал 2 минут дегеніңіз мүлдем түсініксіз. Негізі бүгінгі кесте бойынша таң намазы 4.02 де кіреді. Сақтық үшін (10 минуттай) ертерек тамақ жеуді тоқтатқан жөн. Егер де таң намазына дейін сәресін ішкен болсаңыз оразаңызды жаластыра бересіз. Ал таң намазы уақытынан кейін ішіп-жеген болсаңыз, кейіннен уақыттың шығып кеткенін байқасаңыз, онда оразаның қазасын ұстау керек. Қазасын Рамазан айынан кейін тұтасыз.

  6. рауан says:

    салеметсыздерме! Кешырерсыздер, сурагым келгены, түкіректі жұтуға болама

  7. Айдана says:

    Кешырыныз, Мен атырауданмын. менын колымдагы кестеде Саресын бытыру 4-53, тан намазы 5-03 деп жазылган

  8. admin2 says:

    2Айдана,
    таң намазы 5:03 болса инша Аллаһ оразаңыз дұрыс.

    2Рауан,
    болады

  9. Нурай says:

    салеметсіздерме… Ораза Кабыл болсын ағайын … кешіңіз сұрағым келгенім : сумен ауыз шайуга бола ма?

  10. admin2 says:

    2Нурай,
    болады. http://www.oraza.info/142-auzy-berik-kisige-makruh-jane-makruh-emes-narseler (7 пункт). Тамағыңызға су кетіп қалмауын қадағалаңыз

  11. Үсіпбекова Мақпал says:

    салеметсіздерме… Ораза кабыл болсын…Сурагым келгені Тукірікті жутуга боладыма?

  12. Қарлыға says:

    Ассалаумағалейкум! Сайттарыныз жақсы екен… бірінен біріне кіріп отырып тауып алдым.. Алғаш рет карауым… Жаксы акпараттар алдым. Алла разы болсын! Оразаларыныз кабыл болсын!

  13. Райымбек says:

    Ассалау муалейкум!!!! Менин сурайын дегеним…Рамазан айы Ораза кестеси туралы…Мен Атырау каласында турамын…Кестени осы сиздин сайттан алдым…Кесте бойынша Жума куниндеги тан намазы 4:26 деп тур…а осы жакында бир газет алып едим сонын ишинде де Атырау кестеси бар екен бирак ол мулдем баска…Мысалы жума кунги тан намазы онда 5:05 деп тур…..Сонда кай кестеге жугингеним дурыс…Айтып берсениздер жаксы болатын еди….Аллаh разы болсын баримизге!!!!

  14. admin2 says:

    Алейкумассалам Райымбек,
    сіз алған газеттегі кесте жергілікті орталық мешітке сілтеме жасаған болса, соған қарап ұстаңыз.

  15. Райымбек says:

    Ия коп коп рахмет админ!!!!! Биздин орталык мешиттен жана кесте алдым….газеттеги дурыс болып шыкты!!!! Аллаh разы болсын!!!

  16. Жаке says:

    Ассалаумагалейкум! Отыныш жауап берынызшы! Менде сыздын сайттан алган кесте бар ол кесте Актау каласынын Орталык мешытымен бырдей! Мысалц жумада тан намазы 04.46 да! Жане тагы быр мешыт бар калада онын кестесынде тан намазы жумада 05.31 деп тур! Мен сонгы кестеге карап Ораза устап журмын! Кайсысы дурыс?

  17. admin2 says:

    Алейкумассалам Жаке !
    Бұл сұрақты сол Орталық мешіттің қызметкерлерінен сұрасаңыз дұрыс болады. Болмаса мына жерде көрсетілген телефонға хабарласып сұрап көріңіз: http://www.muftyat.kz/kmdb/kmbdniq-obl-ekildikteri/mangistau/

  18. Бақытжан says:

    Ассалаумалейкум ораза кабыл болсын АЛЛАХқа иман келтірген мұсылмандар. Асқазаны ауыратын адамдарға ораза ұстамауға болады ма ? әлде ұстау шарт па ? нақты жауап берсеңіздер,АЛЛА разы болсын

  19. Тимур says:

    Уағалейкумассалам, Бауыржан! Егер қатты науқас болмасаңыз ұстағаныңыз абзал. “Егер ем алып жүрген болсаңыз, кейін еміңіз біткесін, қысқы күн қысқа уақыттарда қазасын өтесеңіз болады” дейді ғалымдар. Бірақ, ұстап қарағаныңыз жөн. Егер қиын боп бара жатса, онда тоқтатуыңызға болады. Мен де гастритпен ауырамын. Асқорыту жүйесі бұзылған. Бірақ міне үшінші жылы ораза ұстап жатырмын, Аллаға мың да бір шүкіршілк, еш қиындық көріп жатқан жоқпын. Аллаға тәуекел етіп қараңыз. Қалай болғанда да Аллаһ өзінің құлдарына қиындық келтіргенді қаламайды. Аллаһ жар болсын сізге! Ауырмаңыз!

  20. Арыстан says:

    Ассаляму алаейкум! Ораза ұстаған адам ғұсыл алып жуынса болама?

  21. Тимур says:

    Уағалейкумассалам, Арыстан!

    Бұл сұрақтың жауабы осы сайтта берілген:

    5. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифастан тазалану: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды. (“Ислам ғылымхалы” кітабынан)

  22. Орал says:

    ауыз ашарда ж/е ауыз жабарда ниет тек казакша айтылса дурыс па?

  23. Акмарал says:

    Әр бірімізге Аллаһ тағалам әрдайым еске алуымызды ,Оған шүкіршілік етіп, Өзінің талабыңа сай құлшылық етуімізді нәсіп етсін!!! Ораза қабыл болсын құрметты Мусылман қауымы!!!

  24. Гулнара says:

    Ораза кабыл болсын!!! 2 жыл бурынгы оразадан карызым бар еди, одан кейн еки жыл бала емизип устай алмадым, биыл устап журмин ,карызымды кай кезде отесем болады?