Қадыр түні есік қағып тұр

26 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айы аяқталар күн таяды. Енді, міне, бүкіл мұсылман қауымы қасиет тұтатын Қадір түні де келіп тұр. Жамбылдық жамағат осы айтулы сәтке әзірлік үстінде. Олар Қадір түні бойға рух, санаға нұр құятын ерекше түн екеніне сенеді. Тараздықтар бұл кезде күн батысымен мешітке жиналып, уағыз тыңдамақ. Ораза – күнәләрға қарсы қалқан, […]

Толығымен

21 сағат ораза тұтатын Гренландиядағы жалғыз мұсылман

24 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Айналасы мұздықтарға толы Гренландия деп аталатын елде тұратын Ливан азаматы Уассам Азақир – 21 сағат бойы ораза ұстап, құлшылығын атқарып жатқан осы өлкедегі жалғыз мұсылман. Гренландия – Солтүстік мұзды мұхит пен Солтүстік Атлантика арасындағы ең үлкен аралдың бірі. Данияға қарасты өзін-өзі басқаратын провинция. Arab TV-ның хабарлауынша бірнеше жылдан бері Гренландияда тұрып жатқан Уассам Азақир “Араб […]

Толығымен

Ораза – мұсылманның парызы (видео)

16 Тамыз, 2011 Пікір жоқ
Толығымен

Ораза уақыты неліктен ауыспалы?

16 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Әрбір жылы Рамазан айының қарсаңында мұсылман жұртшылығын: «Биыл жиырма тоғыз күн ауыз бекітеміз бе, жоқ әлде отыз күн ауыз бекітеміз бе?» деген мәселе әбігерге түсіреді. Базбір мұсылман бауырларымыз ҚМДБ-ның бекіткен пәтуасына қарамастан, өзге елдердің шешіміне мойынсұнып, нәтижесінде мұсылман қауымы жылда екіұдай күйді бастан кешіреді. Бұл жағдай жыл сайын қайталанатындықтан, біз мәселенің шариғи шешіміне үңіліп көруді […]

Толығымен

Сәресіне тұра алмай қалдым… Не істеймін?

10 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Қасиетті Рамазан айының оразасын алғаш рет өтеп жүргендерге таңертең ерте тұру кей сәтте қиын болуы мүмкін. Кешке сәресіне тамақты дайындап қойып, ниеттенсеніз де ойлағандай бола бермейді. Ең бастысы сәресіне тұра алмай қалсаңыз оразаңыз бұзылмайтынын біле жүрген жөн.     Сонымен, егер сәресіне тұра алмай қалсаңыз не істеген жөн? 1. Сабыр сақтаңыз! Сәресіне тұра алмай қалдым […]

Толығымен

Ораза, намаз тоқтықта ма?

6 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Ораза ұстау мен намаз оқу тоқтықта ғана орындалатын іс пе? Ел ішіне тарап кеткен осындай орынсыз сөздерді Абай атамыздың сынағаны белгілі.Жалпыға бірдей міндеттелген мұсылмандық бес парыздың қажылығы ғана дәулетті болуды талап етеді. Ендеше, бұл сөзді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) пен сахабаларымыздың өнегелі өмірі тұрғысынан салмақтап көрейік. Ислам діні сөзге үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырады. Өйткені бұқараны сөзбен хидаятқа […]

Толығымен

Тарауих намазы

3 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Рамазан айында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқылады. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Хақ тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген хадисі бар («Сунәнун-Насаи»). Сондықтан ер және әйел кісінің жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы […]

Толығымен

Рамазан – хикмет айы

3 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Хақ-Тағаланың бір есімі һәм сипаты «хикмет» (хаким) деп аталады. Тіршіліктегі құбылыстар мен қозғалыстардың астарында илаһи хикмет тұрғаны сөзсіз. Ұлы Жаратушы жұмырбасты пенделерін хикметпен жаратқан. Бізді беу-дүниенің хикметін ерекше сезінсін деп ақыл, сана, сезім-түйсік, ынта-ықылас беріп, тұла бойымызды даналыққа тұндырған. Тіпті, хикмет жасауға құштар болсын деп адам баласын ізгілік жасау қабілет-қарымына ие еткен. Десек те, сынақ […]

Толығымен

Айт қабыл болсын!

9 Қыркүйек, 2010 Пікір жоқ

Айт сөзі – «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Жиырма тоғыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұсылман баласы бұл күні әуелі айт намазына мешітке бет алады.

Толығымен

Бір Аллаһтың атымен…

5 Қыркүйек, 2010 3 пікір

Әлһамдулиллаһ, Рамазан айының соңғы санаулы күндерін өткеріп жатырмыз…

Толығымен

Қонақ қылған үй иесіне Аллаһ сауаптан жазсын

2 Қыркүйек, 2010 Пікір жоқ

Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып, ислам қаржысына қатысты арнайы заң қабылдады.

Толығымен

Ұлыбританиядағы оразам

1 Қыркүйек, 2010 1 пікір

Әділ Әбдірахман Рамазан айын Отаннан жырақта Ұлыбританияда өткеруде. Абердин Университетінде заңгер мамандығы бойынша ғылыми біліктілігін асырып жатқан өрелі азамат:

Толығымен