Ораза кәффараты
Қателесіп, әдейі немесе біреудің қинауы арқылы жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда өтеу жолдарының әрбіріне «кәффарат» делінеді. Бұл – әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фиқһта бес түрлі кәффарат бар:
1. Ораза кәффараты
Кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза [...]
